Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

"Сенім,өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым" II Халықаралық Қазақстанның Жас Ғалымдар Конгресі

Ясауи университетінің жас ғалымдары халықаралық конгрессте

Ясауи университетінің жас ғалымдары Алматы қаласында өткен «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбындағы II Халықаралық Қазақстанның жас ғалымдар конгресіне белсенді түрде қатысып, өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін көрме аясында ұсынды.

Аталған халықаралық деңгейдегі конгресс еліміздің және шетелдердің әртүрлі өңірлерінен жиналған жас зерттеушілер үшін тәжірибе алмасуға, ғылымдағы өзекті бағыттарды талқылауға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Конгресс барысында жас ғалымдар өз салаларындағы өзекті мәселелерді көтеріп, заманауи ғылыми идеялар мен инновациялық жобаларды таныстырды.

Биылғы конгреске Ясауи университетінен Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Тұрсынқожаева Шахзода Әуезханқызы, Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы, сондай-ақ Халықаралық қатынастар кафедрасының PhD аға оқытушылары Senel Gülece мен Rüstü Kaya қатысты.

Конгреске ұсынылған көрме материалдарын дайындау барысында университеттің Коммерцияландыру офисі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, ғылыми жобалардың ресімделуі мен таныстырылымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл қолдау жас ғалымдардың инновациялық идеяларын тиімді ұсынуға, ғылыми әзірлемелерін кең аудиторияға таныстыруға және әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға зор мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, Ясауи университетінің жас ғалымдары мен коммерцияландыру саласының мамандары бірлесе жұмыс істей отырып, университеттің ғылыми әлеуетін республикалық және халықаралық деңгейде көрсетуге ықпал етті. Университет алдағы уақытта да ғылымды дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және олардың зерттеулерін ел көлемінде ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыра бермек.