"ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ" АЯСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОН
Бүгін университетімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Инновациялық хакатон өтті. Аталған іс-шараны университеттің Коммерцияландыру офисі ұйымдастырды.
Хакатонға оқушылар, студенттер, жас мамандар және тың идея ұсынуға ынталы жастар қатысып, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын ұсынды. Іс-шара барысында қатысушылар қысқа уақыт ішінде өз идеяларын пысықтап, оларды инновациялық жобаларға айналдыру арқылы кәсіби біліктілігі мен командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Хакатонға қатысқан 15 команда ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру бағыттары бойынша нақты әрі қолданбалы шешімдер әзірледі.
Қазылар алқасының құрамында ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректор Айнаш Ошибаева, Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков, IT департаментінің директорының міндетін атқарушы Ерболат Тұрсынбек, қауымдастырылған профессор Арман Маханбетов, сондай-ақ Turkistan HUB директоры Алихан Сламбек болды.
Сарапшылар жобаларды идеяның өзектілігі, техникалық жүзеге асырылу деңгейі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және таныстырылым сапасы бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бағыты бойынша — «Feater-TEAM», экология бағыты бойынша — «Axiotx», ал цифрландыру бағыты бойынша «Vision AI» командасы жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар байқауға қатысқан өзге командаларға белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Аталған Инновациялық хакатон жас таланттарды қолдауға, жаңа бастамаларды дамытуға және университеттің инновациялық экожүйесін нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналды.
«Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру» онлайн-воркшопы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады