shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Qazpatent филиалының оқу орталығы ұйымдастырған оқыту семинары

2025 жылғы 24–26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Qazpatent филиалының оқу орталығы ұйымдастырған оқыту семинары өтті.

Семинарға коммерцияландыру офисінің патент және зияткерлік меншікті қорғау секторының үйлестірушісі Оразбаева Орынкүл қатысып, өз кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтап қайтты.

Бағдарлама барысында:
- ұлттық және халықаралық заңнамамен (Париж конвенциясы, PCT, ЕАПК) танысты;
- патент алудың талаптары мен ерекшеліктерін талқылады;
- халықаралық дерекқорлармен (Espacenet, WIPO Patentscope, ЕАПО) жұмыс істеу бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты.

 Алдағы уақытта университетіміздің студенттері мен ғалымдары үшін патент және зияткерлік меншік бойынша арнайы іс-шаралар өткізу жоспарлануда.