shape
shape

Патенттеу және өндіріс орындары мен байланыс орнату секторы

  • Басты бет
  • Патенттеу және өндіріс орындары мен байланыс орнату секторы

Патент және зияткерлік меншікті қорғау секторы

 Ұйымның интеллектуалды меншігін заңды түрде қорғауды қамтамасыз ету, инновациялық патенттер алу, патенттік зерттеулер жүргізу және инновациялық патенттерді өндіріске енгізуді ынталандыру.

Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі №427-І заңы

Патент заңы аясында бекітілген ереже (УЕ-ХҚТУ-103-2022) және қызметтік нұсқаулық (ҚН-ҒҚО-001/05-2024)

Марапаттау ережесі

Патент өтінім құжаттарының рәсімделу бұйрығы

Біздің қызметтеріміз:

          

                   

           

                                         

Авторлық құқық - бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар. Авторлық құқық мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қамтиды.

 

  • Авторлық құқық объектілері:
  • Әдеби шығармалар;
  • Драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар;
  • Сценарий туындылары;
  • Хореография және пантомима туындылары;
  • Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
  • Дыбыстау-бейнелеу туындылары;
  • Кескіндеме, мүсін, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
  • Қолданбалы өнер туындылары;
  • Сәулет, қала құрылысы, дизайн және бақ-саябақ өнері туындылары;
  • Фотографиялық туындылар және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар;
  • Карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
  • ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
  • Туынды және құрама.

Өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент алу үшін өтінімді толтыру және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет. Өтінім бойынша белгіленген тәртіппен сараптама жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша патент беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Шешімді қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Патент заңының 5 және 7-баптарының ережелері назарға алынады.

Патенттік іздеу – бұл сұратуға сәйкес құжаттарды немесе мәліметтерді патенттік құжаттардың немесе мәліметтердің арасынан бір немесе бірнеше белгілері бойынша іріктеу процесі, бұл ретте көптеген құжаттар мен мәтіндер ішінен тақырыпқа немесе сұрату нысанына сәйкес келетіндерді ғана іздеу процесі жүзеге асырылады. Деректер базасында (ДБ)көпшілігінде мынадай өлшемдер бойынша іздеуді жүргізуге болады: Халықаралық патенттік сыныптаманың индекстері бойынша Тірек сөздер бойынша Автордың аты бойынша Өтінім берушінің аты бойынша Жариялау күні мен нөмірі бойынша Өтінім нөмірі бойынша Патент нөмірі бойынша Қазақ және орыс тілінде іздеуді ҰЗМИдің http:/www./kazpatent.kz/ сайтында жүргізуге болады. Ресей патенттері мен өтінімдері туралы деректерді Федералды өнеркәсіптік меншік институтының деректер базасы бойынша іздеуді жүргізуге болады: http://www.fips.ru Іздеу жүргізу үшін Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйені пайдалануға болады. Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйе (ЕАПАТИС) Еуразиялық патенттік ведомствода әзірленген және патенттік құжаттаманың бүкіләлемдік, аймақтық және ұлттық қорларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-іздестіру жүйесі болып табылады. ЕАПАТИС-тегі орыс тілді қорда, Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы елдердің құжаттамаларын қоса алғанда, ЕАПВ, Ресей, еуразиялық аймақ елдерінің ұлттық патенттік ведомстволарының патенттік құжаттамалары ұсынылған. Еуропа патенттік ведомствоның сайтында (ағылшын, неміс, француз тілдерінде) іздеу жүргізуге болады https://www.worldwide.espacenet.com Ұлттық патенттік ведомстволардың көпшілігі патенттік деректер базалары бойынша ағылшын тілінде іздеу мүмкіндігін ұсынады.

Қазақстан Республикасының Патент заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Өнертабыс өтiнiмдеріне  мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;

2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;

3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;

4) егер, өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;

5) реферат;

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат болуы тиіс.