Хабарландырулар

shape
shape

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасына гранттық конкурсқа қатысу үшін жобаның жаңалығы, нарықтық сұранысы, жоғары технологиялық дайындығы мен коммерциялық әлеуеті, экономикалық тиімділігі, қаржылық негіздемесі және білікті командасы болуы шарт. Сонымен қатар, аяқталған зерттеу жұмысы, ҰМҒТСӨ-ге тіркелгені туралы құжат және ақпараттық картасы болуы қажет.

Әр конкурстың өзіндік талаптары бар, сондықтан құжаттар тізімі конкурсқа байланысты өзгереді. Біз барлық қажетті құжаттарды дайындауға көмектесеміз.

Коммерцияландыру реакторлары - жобаларды нарыққа шығаруға бағытталған интенсивті бағдарламалар, ол жерде жобаларға тәлімгерлер, сарапшылар, қаржыландыру көздері және нарыққа шығу жолдары ұсынылады.

ҚР Ғылым және технологиялық саясат туралы (2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII ҚРЗ) Заңы;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қарашада № 33613 болып тіркелді);

Конкурстық құжаттама;

ҚР «Патент» Заңын;

Университеттің нормативтік құжаттары.

Ғылыми негіздегі ақылы қызметтерге жасалған шаруашылық келісімшарты - бұл университет пен тапсырыс беруші мекемемен шарт негізінде ақылы ғылыми қызмет көрсетуі туралы келісім. Бұл қызметтерге ғылыми талдау, зерттеу, консультация және басқа да ғылыми бағыттағы жұмыстар кіреді

Патенттік іздеу – бұл сұратуға сәйкес құжаттарды немесе мәліметтерді патенттік құжаттардың немесе мәліметтердің арасынан бір немесе бірнеше белгілері бойынша іріктеу процесі, бұл ретте көптеген құжаттар мен мәтіндер ішінен тақырыпқа немесе сұрату нысанына сәйкес келетіндерді ғана іздеу процесі жүзеге асырылады. ДБ көпшілігінде мынадай өлшемдер бойынша іздеуді жүргізуге болады: Халықаралық патенттік сыныптаманың индекстері бойынша Тірек сөздер бойынша Автордың аты бойынша Өтінім берушінің аты бойынша Жариялау күні мен нөмірі бойынша Өтінім нөмірі бойынша Патент нөмірі бойынша Қазақ және орыс тілінде іздеуді ҰЗМИдің http:/www./kazpatent.kz/ сайтында жүргізуге болады. Ресей патенттері мен өтінімдер туралы деректерді Федералды өнеркәсіптік меншік институтының деректер базасы бойынша іздеуді жүргізуге болады: http://www.fips.ru Іздеу жүргізу үшін Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйені пайдалануға болады. Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйе (ЕАПАТИС) Еуразиялық патенттік ведомствода әзірленген және патенттік құжаттаманың бүкіләлемдік, аймақтық және ұлттық қорларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-іздестіру жүйесі болып табылады. ЕАПАТИС-тегі орыс тілді қорда, Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы елдердің құжаттамаларын қоса алғанда, ЕАПВ, Ресей, еуразиялық аймақ елдерінің ұлттық патенттік ведомстволарының патенттік құжаттамалары ұсынылған. Еуропа патенттік ведомствоның сайтында (ағылшын, неміс, француз тілдерінде) іздеу жүргізуге болады https://www.worldwide.espacenet.com Ұлттық патенттік ведомстволардың көпшілігі патенттік деректер базалары бойынша ағылшын тілінде іздеу мүмкіндігін ұсынады.

Өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент алу үшін өтінімді толтыру және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет. Өтінім бойынша белгіленген тәртіппен сараптама жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша патент беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Шешімді қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Патент заңының 5 және 7-баптарының ережелері назарға алынады.

Қазақстан Республикасының Патент заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар: 
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;
4) егер, өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат болуы тиіс.

Авторлық құқық - бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар. Авторлық құқық мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қамтиды.

Авторлық құқық объектілері:

  • әдеби шығармалар;
  • драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар;
  • сценарий туындылары;
  • хореография және пантомима туындылары;
  • мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
  • дыбыстау-бейнелеу туындылары;
  • кескіндеме, мүсін, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
  • қолданбалы өнер туындылары;
  • сәулет, қала құрылысы, дизайн және бақ-саябақ өнері туындылары;
  • фотографиялық туындылар және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар;
  • карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
  • ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

Бизнес инкубатор – бұл жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыра алатын инновациялық орта.

1.Кәсіпкерлік және стартап саласында білім алу;
2.Табысты кәсіпкерлер тәжірибесіне қол жеткізу;
3.Іскерлік әлемде байланыс желісін құру; 
4.Инвестициялар мен қаржылық қолдау алу мүмкіндігі;
5.Идеядан өнімге жету, табысты кәсіп ашу;

12 аптаға сай 60 сағатты құрайтын инкубациялық бағдарлама курсы әзірленіп, бекітілген. Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады және әр кезеңнің өз талаптары бар.  Сол талапты орындап, тиісті балл жинаған қатысушы сертификатқа ие болады.

Yassawi startup туралы жаңалықтарды мына жерлерден көре аласыз:

Әлеуметтік желілер:

Instagram: yasawi_commerc_office және yasawi_startup парақшаларында соңғы жаңалықтар, жетістіктер және шаралар туралы ақпарат алуға болады.

Facebook: “Яссауи коммерцияландыру офисі” парақшасына жазылып, жаңалықтарды бірінші болып оқыңыз.

Ресми сайттар:

Коммерцияландыру офисінің ресми сайты: https://ayu.edu.kz/birimler/kz/310-ticarilestirme-ofisi сайтында барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды таба аласыз.

Ахмет Ясауи университетіне тиесілі стартап жобалар тізімі - https://test.ayu.edu.kz/birimler/kz/310-ticarilestirme-ofisi/bilgi-kaydi

Бизнес-инкубатор YASSAWI, стартап жобаларды қолдау секторы бойынша ақпараттар: YASSAWI STARTUP

Тікелей байланыс: Ахмет Ясауи университетінің 601 кабинетіне келіп, барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыз!

Иә, сізде идея болмаса да, инкубациялық бағдарламаға қатыса аласыз! Алғашқы аптада стартап ұғымы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сіз бағдарлама барысында идея табуға немесе бір идеясы бар топқа мүше ретінде кіруге мүмкіндік аласыз.

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII;

2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы;

3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрығы;                 

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы;                                            

5. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы бұйрығы;

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы;

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 43 бұйрығы;

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығы.

 

Бұл курстар дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, бір сала бойынша тереңдетілген білім мен практикалық дағдыларды игеруіне бағытталған. Олар тек нақты мамандыққа арналған, басқа салаларға әсер етпей, дәрігердің тікелей жұмыс тиімділігін арттыруды көздейді.

Біліктілікті арттыру курсына қабылдану үшін келесі құжаттар қажет:
•    Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім туралы құжат (интернатура немесе резидентура аяқталғаны туралы);
•    Егер бар болса, кәсіптік қайта даярлау туралы құжат (жоғары білімі бар мамандар үшін);
•    Егер бар болса, маман сертификаты;
•    Егер бар болса, біліктілікті арттыру туралы құжат.
 

Куәлік стандарт бойынша 5 жылға жарамды. Осы мерзім өткен соң, дәрігер қайтадан біліктілігін арттыру курсына қатысуы қажет.

 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медицина қызметкерлері кәсіби қызметін жалғастыру үшін әр 5 жыл сайын біліктілікті арттыру курсынан өтуге міндетті.