Хабарландырулар

shape
shape

Кіріспе

Біз туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Коммерцияландыру офисі ғылыми және инновациялық әлеуетті тиімді пайдалану арқылы зерттеулер мен технологияларды өндіріске енгізуге бағытталған. Біздің мақсатымыз – университеттің ғылыми және техникалық жетістіктерін коммерцияландыру, зерттеу жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету және инновациялық экожүйені дамыту.
Коммерцияландыру офисі ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми ақпаратпен қамтамасыз етуге және ортақ ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зияткерлік меншікті құқықтық қорғау, инновациялық патенттер алу, патенттік зерттеулер жүргізу және алынған патенттерді өндіріске енгізу бойынша кешенді жұмыстар атқарылады.
Сондай-ақ, студенттік инновациялық идеяларды дамытуға, стартап жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, коммерциялық жобалардың орындалуын бақылау және ақылы қызметтерді басқа мекемелерге ұсыну тетіктерін әзірлеу арқылы университеттің ғылыми-техникалық әлеуетін нарыққа бейімдеу жүзеге асырылады.