Хабарландырулар

shape
shape

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторы

  • Коммерцияландыру офисі
Құрылымдық бөлімдер / Ғылыми бөлімдер / Коммерцияландыру офисі

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторы

Course Image Құрылымдық бөлімдер Ғылыми бөлімдер

Біз туралы

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нарыққа шығарып, олардың қоғамға тигізер пайдасын арттыру, оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдардың, сондай-ақ ұйымның табыстылығын арттыруға бағытталған.

1. Университет ғалымдарының коммерцияландыру әлеуеті бар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, аяқталған ғылыми жобаларға талдау жасау, жобаларды іріктеу, ғылыми жобалардың акселерациялық бағдарламаларын енгізу, технологияларды, жобаларды коммерцияландыру реакторларын ұйымдастыру (ынталы бағыт, ғылыми жоба, бағдарламалы-нысаналы, жас ғалымдардың жобалары); 

2. Қаржыландыру көздерін іздеу, Ғылым қоры, әкімдіктер, жер қойнауын пайдаланушы мекемелер, сатып алу порталы (тендер) мемлекеттік мекемелер, жеке бизнес-сектор тарапынан тапсырыс қабылдау, ғалымдармен бірлесіп ұсыныстар әзірлеу;

3. Коммерцияландыру бағытында, мемлекеттік мекемелер, өзгеде ұйымдар тарапынан ұйымдастырылатын конкурстар талаптарымен оқытушы профессорлар құрамын, ғылыми қызметкерлерді және білім алушыларды ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу,  жарияланған конкурстар бойынша өтінімдерге құжаттамалық сүйемелдеу,  жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және олардың тиімді іске асырылуын бақылау;

4.Басқа мекемелерге және ұйымдарға ғылыми жобалардың іске асырылу барысындағы пайда болған тауарларды (өнімдер) сату мен ақылы қызметтерді көрсету үшін шаруашылық келісім шартын жасауды ұйымдастыру;                                                                                                           

5. Университет қызметкерлері мен оқытушылары тарапынан орындалатын барлық ақылы қызмет көрсету және ақылы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша жасалған  келісім-шарттардың базасын жасау;

6. Коммерцияландыру жобаларының аясында іске қосылған өндіріс орындарының жұмыстарын үйлестіру, стартап компания ретінде құрылуына ұсыныс беру;

7. Жобалар аясында өндірілетін өнім, тауар және қызметтерге маркетинг жұмыстарын жүргізу, сату процесстерін, көрмелерді ұйымдастыру, университеттегі ғылыми жобалар, қызметтік міндеттемелер немесе оқу процессінде пайда болған өнім, тауар, қызметтер каталогын әзірлеу;     

8. Университетте бизнес-клуб құру, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мақсатында бизнес өкілдерімен, мемлекеттік мекемелермен дөңгелек стөлдер ұйымдасытру;   

9. Халықаралық жобалар әзірлеу, халықаралық конкурстарға қатысу.