Ұйымның интеллектуалды меншігін заңды түрде қорғауды қамтамасыз ету, инновациялық патенттер алу, патенттік зерттеулер жүргізу және инновациялық патенттерді өндіріске енгізуді ынталандыру.
1. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсету;
2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар саласында зерттеушілердің еңбегі нәтижесінде туындаған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және басқару, сонымен қатар қоғамға қажетті жаңа тауарлар мен қызметтердің пайда болуына әкелетін зияткерлік меншікті өнеркәсіпке ендіру механизмдерін қалыптастыру;
3. Өндіріске қажетті патент иеленушілер мен өндіріс орындар арасында байланыс орналастыру;
4. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына университеттің профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ұсынған сапалы ғылыми–техникалық зерттеу нәтижелерін қорғауға жіберу;
5. Патенттік іздеу және сараптама жүргізу – өнертабыстардың, пайдалы модельдердің немесе өнеркәсіптік үлгілердің жаңалығын, өнертабыстық деңгейін және патенттік тазалығын анықтау мақсатында зерттеу жүргізу.
6. Университет ғалымдары, студенттер және кәсіпкерлер үшін зияткерлік меншік құқығы, патенттеу және технологиялық кәсіпкерлік бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру;
7. Университеттің зияткерлік меншік объектілерін жүйелі түрде тіркеу, қорғау және оларды тиімді пайдалану үшін патенттік портфельді әзірлеу және жаңарту;
8. Университеттің өндіріске енгізуге дайын технологияларын сипаттайтын каталог дайындау және оны өнеркәсіптік кәсіпорындарға, инвесторларға және серіктестерге тарату.