Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ӨЖР (өкпе-жүрек реанимациясы) бойынша білімін жетілдіру курсынан өтті.

7 наурыз күні ХҚТУ-нің «АИ» дәрігерлік амбулаториясының медбикелері Шымкент қаласындағы ХҚТУ-нің Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінде ұйымдастырылған ӨЖР (өкпе-жүрек реанимациясы) бойынша білімін жетілдіру курсынан өтті.

Аталған оқу курсының мақсаты – медицина қызметкерлерінің шұғыл жағдайларда науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру және жүрек-өкпе реанимациясының заманауи әдістерін меңгеру болып табылады.

Курс барысында қатысушылар жүрек тоқтауы кезінде әрекет ету алгоритмдерімен танысып, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, жүрекке жабық массаж жасау, жасанды тыныс алдыру сияқты маңызды тәжірибелік дағдыларды арнайы манекендер арқылы орындады. Сонымен қатар, реанимациялық шараларды дұрыс әрі тиімді жүргізудің халықаралық стандарттары түсіндірілді.

Практикалық сабақтар медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, шұғыл жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауына үлкен мүмкіндік береді. Мұндай біліктілікті арттыру курстары медициналық қызмет сапасын жақсартып, науқастардың өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады.

ХҚТУ-нің «АИ» дәрігерлік амбулаториясы медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттыруға және заманауи медициналық білім мен тәжірибені тәжірибеде қолдануға ерекше мән береді.