shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Университетімізде белгілі ұстаз,  абайтанушы Омар Жәлел  Филология факультетінің студенттерімен кездесіп, «Абай және қазіргі заман» атты семинар өткізді.

Жақында ғана ұлағатты ұстаз есімі берілген Рақманқұл Бердібай атындағы конференция залында өткен жиында қазақ әдебиеті мен Абайтану саласының білікті ғалымы студенттерге тың мәліметтер берді. 

Абайдың өмірі мен шығармашылығын қазіргі қоғаммен байланыстыра талқылаған Омар Жәлел Абайдың философиялық көзқарастары, адам болудың мәні туралы ойларын тарқата баяндады.

Ол Абайдың білім мен ғылымға деген көзқарасы қазіргі білім беру жүйесіне үлгі болуы керек екенін баса айтты.  Білімнің тек пайда табуға емес, адамды дамытуға бағытталуы тиіс екенін, тек оқып қана қоймай, жүрекпен, шын мәніндегі ғылымды қабылдап, мінезді түзетуге ерекше мән беруді атап өтті. 

Семинар білімгерлердің ғылымның орасан пайдасын, өз-өзін тәрбиелеуге және ұлттық рухты сақтауға рухани азық екенін түсінулеріне себеп болды. 

Жиын соңында  ғалымға арнайы сертификат табысталып, естелікке кәдесыйлық тарту етілді.