ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Сайыстың мақсаты – ұстаздарымыздың арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және денсаулығын нығайту, спорт түрлері бойынша университет құрама командасын жасақтау.
Ашылу салтанатында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова барша қатысушы командаларды дәстүрлі спартакиаданың басталуымен құттықтады. Спорт денсаулық кепілі екенін, бүгінгідей спорттық ойындардың маңызын тілге тиек етті. Командаларға жарыс жолында сәттілік тіледі.
Спартакиадаға университет факультеттері, Түркістан Ахмет Ясауи колледжі, Кентау кампусы және Ректорат командалары қатысып жатыр. Қатысушылар 7 спорт түрінен: кіші футбол, волейбол (қыздар, ерлер), үстел теннисі, ату спорт түрі, эстафета, арқан тарту жарыстары бойынша өзара сайысқа түседі.
Айта кетейік, тартысқа толы бәсеке бүгін кіші футболдан басталды. Спартакиада 24-қаңтарға дейін жалғасады.