Хабарландырулар

shape
shape

Біз туралы

Таныстыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің туризм кафедрасының практикалық дағдыларын дамытуға арналған «Яссы» қонақ үйі университетімізге қарасты мекеме болып табылады. «Яссы» қонақ үйі қаланың орталығында орналасқан туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Әрі қонақ үйден Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 400 метр аралықтан тамашалай алуға болады. Орталық базарға жеңіл автокөлікпен 5 минутта (2 км), жаңа қала ықшам ауданына 10 минутта (7 км), әуежайға 30 минутта (23 км) жетуге болады. Қонақ үй ғимараты жалпы 4 қабаттан, 34 бөлмеден тұрады. Ондағы 1- қабатында ресторан, VIP ресторан, әкімшілік және жертөле бөлігінде кір жуу бөлімі, 2-3-4 қабаттарында қонақ бөлмелері орналасқан. Бөлмелерімізде теледидар, кондиционер, мини-бар, фен, тегін wifi және табиғи газбен жылыту жүйесі, тегін автотұрақ қызметі бар, ал бөлме іші жаңадан безендірілген.