• image image image image
  • About

    10k+

    Білімгер

    About
    img
    Стоматология факультеті

    Біз туралы

    Стоматология факультеті өңірдегі денсаулық сақтау бағытында мамандар дайындап отырған маңызды орталықтардың бірі. Бізден басқа өңірде бірнеше ЖОО-да ұқсас бағдарламалар бар. Атап айтсақ, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университет, Қарағанды медицина университеті сияқты денсаулық сақтау бағытында білім беретін университеттер нарықтағы бәсекелестер саналады. Дегенмен Ахмет Ясауи университетінің халықаралық статусы, түрлі рейтингтердегі беделі және Түркістан қаласының жаңарып, облыс орталығына айналуы секілді факторлар бойынша біз басымдыққа иеміз. Алайда еңбек нарығындағы сұраныстарды қанағаттандырып отыру үшін білім беру бағдарламаларына ұдайы мониторинг жүргізіліп, қажетті өзгерістер енгізіліп отырады.Стоматология факультеті 2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенаты шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды. 12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланып, нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылданды. Факультет құрамында Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы, Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасы, және Фундаментальды медициналық ғылымдар сияқты кафедралары жұмыс жасайды. Қазіргі кезде факультеттің құрамында 3 кафедра бар. 51 жалпы, 16 ғылым кандидаты, 1 PhD доктор, 10 магистр, 9 аға оқытушы, 15 оқытушы    бар.

    Соңғы хабарландырулар

    Хабарландырулар

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңалықтар

    img
    shape
    shape

    3+

    Білім беру бағдарламасы

    511+

    Білімгер

    68%

    Жұмыспен қамтылған

    51+

    ОПҚ

    img
    img
    img

    Терең тарихтан жарқын болашаққа

    Ахмет Ясауи Университеті

    img
    Жаңартылған іс-шаралар

    Іс-шаралар