Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    Абдразаков Ерболат Халтович оқу үдерісімен танысып, мазмұнды кездесу өткізілді,студенттерге 2 апталық дәріс жүргізетін болды

    Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өнер, медиа және дизайн факультетінің Орындаушылық өнер кафедрасында Өзбекстан Республикасынан келген Өнер және мәдениет институтының Өнер және менеджменті мен мәдениеті кафедрасының профессор-оқытушысы Абдразаков Ерболат Халтович мен магистранттары, оқу үдерісімен танысып, мазмұнды кездесу өткізілді
    Кездесу барысында Орындаушылық өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттері қонақтарға арнап ән мен күйлер орындап, өз өнерлерін паш етті.
    Жылы жүздесу кезінде екі жақ өкілдері өнер мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
    Кездесу соңында бауырлас елдердің оқу орындары алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге және өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екендерін атап өтті.