Тарихымыз
2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенаты шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды. 12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланып, нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылданды. 2017жылдың 1-ші сәуірінде факультет деканы болып профессор Юксел Түркөз тағайындалды. 2019-2020 оқу жылынан бастап факультет деканы болып Керем Энгин Акпынар тағайындалса, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап факультет деканы болып доцент Хасан Гүндоғар келді.
16.06.2017 күнгі №6 Университет Сенат мәжілісінің шешімі бойынша:
Факультетімізде 4 негізгі кафедра бар:
- Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы
- Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасы
- Адам патологиясы кафедрасы
- Зертханалық пәндер кафедрасы.