shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Заң және тәртіп – тұрақты қоғам негізі

«Заң және тәртіп – тұрақты қоғам негізі» тақырыбында өткен тәрбие сағаты 2025 жылдың 13 қараша күні Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ГПБ-511 тобы студенттерімен ұйымдастырылды. Іс-шараны топ кураторының жетекшілігімен өткізу барысында қоғамдағы құқықтық мәдениеттің рөлі, заңға бағынудың маңыздылығы және жастардың қоғамдық тұрақтылықты сақтауға қосатын үлесі кеңінен талқыланды.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға және жеке жауапкершілігін күшейтуге бағытталды. Сонымен қатар, іс-шара аясында парасаттылық, әділдік, адалдық, академиялық адалдық және жауапкершілік қағидаттары туралы түсінік беріліп, олардың оқу үдерісіндегі және күнделікті өмірдегі маңызы түсіндірілді. Шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар ұсынылып, заң талаптарын бұзудың салдары жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік құқықбұзушылықтар, киберқауіпсіздік мәселелері және оларды болдырмаудың жолдары талқыланды. Топ студенттері пікірталасқа белсенді қатысып, қоғамдағы тұрақтылықтың басты факторы – әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, тәртіпті сақтауы екенін атап өтті. Іс-шара соңында куратор студенттерге құқықтық мәдениетті үнемі дамытып отырудың, жауапкершілікті сезінудің және кез келген ортада өз іс-әрекетінің заңдылығын бағалаудың маңызды екенін жеткізді. Тәрбие сағаты тәрбиелік мәні жоғары, мазмұны терең, студенттердің құқықтық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған пайдалы кездесулердің бірі болды.