«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында ашық сабақ өтті
3 курс студенттері ГТА-311 тобы мен топ эдвайзері Нурманова Шынардың жетекшілігімен «Адал адам - адал еңбек - адал табыс» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор шараға факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Әліпбай Бейімбет және кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, аға оқытушы Жумадуллаева Асел қатысты. Ашық сабақтың негізгі мақсаты - студенттердің бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыру, адал еңбектің қоғам дамуындағы рөлін терең түсіндіру болды. Іс-шара барысында студенттер тақырып аясында баяндамалар жасап, адалдық ұғымының тарихи, әлеуметтік және рухани қырларына талдау жүргізді. Пікірталас форматында ұйымдастырылған бөлімде жастар адал еңбек пен адал табыстың қазіргі қоғамдағы маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, кәсіби этика және жеке жауапкершілік мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар мен сұрақ-жауап кезеңі арқылы студенттердің сыни ойлау қабілеті мен құқықтық сауаттылығы айқын көрінді.
Адалдық - адам болмысының асыл өзегі. Еңбек - сол адалдықтың іс жүзіндегі көрінісі. Ал адал табыс - маңдай тер мен шынайы ниеттің жемісі. Осы құндылықтар сабақ мазмұнының өзегіне айналып, нақты мысалдар мен өмірлік тәжірибелер арқылы кеңінен түсіндірілді. Студенттер адал жолмен жеткен жетістіктің ғана баянды болатынын атап өтті.
Шара барысында ұлттық рухани мұрадағы адалдық қағидаларына да тоқталып, қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі адамгершілік ұстанымдармен сабақтастық жасалды. Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары өткен бұл ашық сабақ студент жастардың бойында адалдық қағидаларын нығайтуға, еңбекке құрмет пен жауапкершілік мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам
Сабақ кестесі 