“Teztap” интеллектуалдық ойынында факультет командасы 1-орын иеленді
28 қараша күні университетімізде өткен “Teztap” интеллектуалдық ойынында әр факультеттен 11 команда қатысып, өзара білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Аталған сайыста Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің “Гум зерттеу” командасы ерекше дайындықпен көзге түсіп, жоғары нәтижемен жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Команда мүшелері өз білімдерін, жылдам шешім қабылдау және ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, факультетіміздің абыройын асқақтатты.
Факультет ұжымы жеңіспен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және шығармашылық сайыстарда да сәттілік тілейді!
Емтихан кестесі 