shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Ақмешіт үңгірі

Ақмешіт үңгірі – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы аумағында орналасқан табиғаттың ерекше жаратылыстарының бірі. Жоғарғы бөлігіндегі табиғи саңылаудан құлаған күн сәулесі үңгірдің ішін нұрға бөлеп, кең алаңды ерекше жарықтандырады. Дәл осы жарықтың әсерінен үңгірге «Ақмешіт» — «ақ нұрға малынған мешіт» деген атау берілген. Жергілікті халық ежелден бұл жерді киелі орын деп санап, рухани тыныштық пен шипа іздеп келеді.

Аңыз бойынша, ерте замандарда үңгір ішінде сопылар жиналып, құлшылық жасап, дұға еткен. Сол кезден бастап бұл мекен рухани тазалық пен тылсым тыныштықтың белгісіне айналған. Бүгінде де келушілер мұнда табиғаттың әсемдігін тамашалап қана қоймай, жүрек түкпіріндегі тілектерін айтып, жан тыныштығын табуға мүмкіндік алады. Табиғи шатқалдар, биік жартастар мен жарыққа толы кеңістік адамды ерекше әсерге бөлейді.

16 қараша күні осы киелі әрі көркем мекенге ГТА-512, ГТА-511 және ГТХ-511 топ студенттері Тарих кафедрасының оқытушысы Шыназ Алмазұлының жетекшілігімен оқу-танымдық сапар жасады. Экскурсия барысында студенттер үңгірдің табиғи құрылымымен, тарихи аңыздарымен танысып, туған өлкенің табиғи-мәдени мұрасының маңызын терең сезінді.

Ақмешіт — табиғаттың өз қолымен салған нұрлы мешіті.
Үңгірге енген жанды тыныштық, тылсым және рухани үйлесім қарсы алады.