shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Экология және химия кафедрасы / Бакалавриат

6B01514 - География (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасы

  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп,  педагогикалық процестерді ұйымдастырады .
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Белгіленген мақсатына сәйкес, тиісті оқыту әдістері мен тәсілдерін, құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сабақ жоспарларын жасайды.
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (География ) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • География» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін мектептерде, коллеждерде, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде, жер ресурстары мен табиғаты қорғау ұйымдарында, туризм, экология орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде  жұмыс жасай алады.
  • Жалпы  білім  беретін  мектептер,  техникалық  жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары; 
  • Білім басқармалары (департаменттері);