Биология салалары бойынша теориялық білім меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, сыни тұрғыда ойлайтын, коммуникативтік, жобалық дағдыларын зерттеушілік қызметте тиімді іске асыра алатын бәсекеге қабілетті жаратылыстану бакалаврын даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.