shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Экология және химия кафедрасы / Бакалавриат

6B05247 - Экология

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасы

Еңбек нарығында сұранысқа ие, қоршаған орта объектілерінің
мониторингі саласында практикалық зерттеулер жүргізуге және
биосфераның ластану дәрежесін айқындауға, кәсіби дағдыларды
жетілдіру арқылы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер
қабылдауға жоғары қабілетті мамандарды даярлау;
Экология білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

  • Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік іс-әрекетті анықтау кезінде негізгі физика-химиялық әдістерді қолданады 
  • Қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластанудың әсерінен қорғаудың заңнамалық нормативтері мен техникалық әдістерін қолданады
  • Тірі организмдердің жағдайына экологиялық факторлардың әсерін талдайды 
  • Экологиялық заңдылықтарға сәйкес геоэкологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлейді
  • Экология білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін).Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген)."
     
  • ПДВ нормативтерінің томын әзірлеу, экологиялық паспорттар құру, экологиялық аудит жүргізу және т. б.;
  •  Экологиядағы зерттеу әдістерін жетілдіру;
  • Экологиялық залалды есептеу әдістерін қолдану;
  • Экологиялық таза өндіріс технологиясы мен ұйымдастыру негіздерін жасау;
  • Табиғат пен қоғамның өзара іс-қимыл мәселелерін шешу;
  • Ғылыми-техникалық революцияның қоршаған орта жағдайына әсерін бағалау;