shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Экология және химия кафедрасы / Магистратура

7M05324 - Химия (Жаратылыстану ғылымдары)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасы

Жаратылыстану ғылымы бойынша қоғамда коммуникативті дағдыларды қолдануға бейім, ғылыми жұмыстарды жоспарлауға, орындауға қабілетті ғылыми-зерттеушілік дағдыға ие, жетекшілік етуге, теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып кәсіби деңгейдегі заманауи ғылыми, қолданбалы мәселелерді тұжырымдауға, шешімін табуға қабілетті магистрлерді даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізіп, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіндіріп, жаңа шешімдерді қорытындылап, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады 
  • Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясымен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіріп, педагогикалық технологияларды іске асырады.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының; 
  • Білім беру, химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік органдар;  
  • Химия, экология, фармацевтика, металлургия, мұнай-химия, газ және көмір профильдері ғылыми-зерттеу институттары; 
  • Химиялық, фармацевтикалық, экологиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өнеркәсібінің орталық зертханалық зертханалары;