shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Математика кафедрасы / Магистратура

7M06129 - Математикалық және компьютерлік модельдеу

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты - математикалық және компьютерлік модельдеу саласында тереңдетілген дайындыққа ие, қолданбалы математика және IT технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметке қабілетті, жаңа идеяларды тудыру, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінінің өзгеруіне бейімделуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Бағдарламалар пакетін  пайдалана отырып, ғылыми басылымдар, деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін біліп, зияткерлік меншік құқығын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды.
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай,  академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жариялайды.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Кәсіби қызмет саласы: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
  • Жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары;
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.