shape
shape

Хабарландырулар

Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақстан және Нұртас Оңдасынов құбылысы: мәдени-талдау аспектісі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2024 жылғы 23-24 қазанда мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақстан және Нұртас Оңдасынов құбылысы: мәдени-талдау аспектісі»  атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлаймыз. 

Конференцияның мақсаты: Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу-тану мәселелері; мемлекет және қоғам қайраткерінің қазақ білімінің, ғылымының, мәдениетінің дамуы жолындағы орасан зор еңбектерін жас ұрпаққа таныту жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау; Нұртас Оңдасыновтың азаматтық ұстанымдарын адамгершілікке, елжандылыққа баулу мақсатында оқыту мен тәрбие үдерісінде қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Конференцияның міндеті: Қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың қазақ ғылымының, білімінің, мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында сіңірген еңбегінің зор екені дәріптеледі; заманы мен адамының аумалы-төкпелілігіне қарамастан, еліне қызмет ете алған көрнекті мемлекет қайраткері ретінде феноменалды бейнесі айқындалады; Нұртас Оңдасыновтың тұлғалық ерекшеліктері сараланып, ЖОО, мектеп білім беру мен тәрбие үдерісінде қолданудың жолдары нақтыланады.

Конференция бағыттары: 

  • Нұртас Оңдасынов өмірі мен шығармашылығы;
  • Нұртас Оңдасынов – біртума қоғам қайраткері;
  • Нұртас Оңдасыновтың тіл білімі ғылымына қосқан үлесі;
  • Нұртас Оңдасынов және білім беру ісі.

Конференция материалдары негізінде жинақ жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады. 

Мақала рәсімдеу үлгісі: 

· Көлемі 8-10 бетке дейін 

· Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см. 

· Times New Roman шрифті, шрифт мөлшері – 12 pt 

· Қатар аралық интервал біреу; азат жол - 1 см; кітаптық; колонтитулсіз және бетті көрсетпеу керек; текст көлемі бойынша түзуленген; 

Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – алынбайды. Авторларға конференция материалдарының жинағы электрондық нұсқада ұсынылады.

Мақалалар 2024 жылғы 9 қазанға дейін қабылданады. 

Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе талаптарға сәйкес келмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ.

Конференцияны өткізу: офлайн (тікелей көрсетілім).

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, байланыс телефоны: +7 702 342 5777; 8-701-655-16-28; Электронды пошта: zhazira.isaeva@ayu.edu.kz және zhanat.yergubekova@ayu.edu.kz

Конференцияға қатысуға өтінім: 

Өтініш

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Мекенжайы

 

Қызмет телефоны

 

Ұялы телефоны

 

Электронды поштасы

 

Конференция жұмысының бағыты 

 

Баяндама тақырыбы

 

 

Конференцияға қатысудың барлық шығындары қатысушының өз есебінен болады.