Әлеуметтік және азаматтық сауаттылыққа ие мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, пәндік білімі терең, инклюзивті білім беру ұстанымдарын ескере отырып оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бағалайтын, ғылыми-педагогикалық зерттеу дағдыларын игерген, инновацияға ашық, қазақ тілі мен әдебиетінің креативті көшбасшы мұғалімдерін дайындау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
6В01716-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасынаоқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.