shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы / Бакалавриат

6B01717 - Орыс тілі мен әдебиеті

Course Image Филология факультеті Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

Инклюзивті білім беру қағидаттарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, оқу-тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгерген, әлеуметтік, азаматтық сауаттылығы мен терең пәндік білімі бар, инновацияларға ашық, мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті орыс тілі мен әдебиеті креативті көшбасшы мұғалімдерін даярлау.

Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі білім, дағды және құзіреттіліктері; экологиялық, этикалық, құқықтық және ойлау мәдениеті; тілтанымдық білімі мен білігі; жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, Қазақстан Республикасы халықтарының достығына, толеранттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленген орыс тілі мен әдебиеті бакалаврын сапалы дайындайды. Дублин дескрипторының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастырады.

 

  • өзінің эмоционалды интеллектін және қазіргі заманғы көшбасшының негізгі дағдыларын, өз уақытын және өз әлеуетін ұйымдастырудың тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын пайдалана отырып, өз қызметін және кәсіби дамуын жоспарлаудың тиімді құралдарын анықтау және таңдау арқылы  креативті шешімдер қабылдап өзінің кәсіби қызметін ұйымдастырады (ОН1). 
  • тарихи фактілерді, принциптерді, рухани құндылықтар мен тілдік ерекшеліктерді білуге негізделген, тиімді мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады (ОН2). 
  • экономикалық білімді, қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көрсете отырып, кәсіпкерлік қызметті, бизнес жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгерген (ОН3).

6В01717–Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Бағыттың ерекшелігіне қарай шығармашылық емтихандар тапсырады. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.

Бакалавр жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, білім департаментінің құрылымдарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында - тілшілер, редакторлар, дикторлар, корректорлар; мемлекеттік басқару органдарында-мәдениет, білім, ақпарат бөлімдерінің қызметкерлері және т. б. жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.