shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Түрік филологиясы кафедрасы / Бакалавриат

6B02267 - Түркітану

Course Image Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасы

Түркі тілдерінің спецификалық жүйесін білетін, тілдік сабақтастықтың тарихи үдерісін салыстырмалы түрде анықтай алатын және осы білімді түркологиялық зерттеулер кеңістігінде кәсіби деңгейде қолдана алатын филологиялық білімі бар бакалаврларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.

  • Зерттелетін салада мәліметтерді  жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Гуманитарлық ғылымдар (Түркітану) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Түркітану білім беру бағдарламасы бойынша түлектер ғылыми-зерттеу институттарында және оқу орындарында (университеттер, колледждер, гимназиялар) жұмыс істейді, мәдениет мекемелері (туристік және шетелдік фирмалар), 
  • Мәдениетаралық коммуникация салалары (сыртқы байланыстар бөлімі, аударма қызметі, баспасөз). 
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары.
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік органдар.           
  •  Ғылыми-зерттеу институттары.
  • Стандарттау және сертификаттау орталықтары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.