shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы / Бакалавриат

6B02332 - Шетел филологиясы (ағылшын тілі)

Course Image Филология факультеті Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы

Шетел тілін мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде қолдана алатын, шетел тілдері аясында жұмыс істеуге қабілетті, сөйлеу және іскерлік этикетке ие, ауызша және жазбаша сөйлеу кәсіби деңгейді меңгерген, ресми іс-қағаздарының ауызша, жазбаша аудармасын жасауға қабілетті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • зерттелетін салада мәліметтерді  жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • кәсіби қызметінде ғылымизерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады. 
  • кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

 

  • Филологиялық білім саласында орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында белгіленген 
  • тәртіпте өзінің кәсіптік қызметін атқара алады. Сондай-ақ, профильге сай ғылыми ұйымдарда жұмыс істей алады.
  • Алғашқы және орта кәсіптік оқу орындары;
  • Баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары;
  • Профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар;
  • Мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар бола алады.