shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Қазақ филологиясы кафедрасы / Магистратура

7M01737 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Course Image Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы

Арнаулы орта білім беру мекемелеріндегі осы саладағы пәндерді оқытуға қажетті білім мен іскерлікті меңгерген және оны оқыту дағдыларын жүзеге асыратын, арнайы ғылыми- әдіснамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игерген кәсіби педагог мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • филология саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыра және теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін,  лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді салыстыруға және айырмашылықтарын табуға қабілеттi.
  • қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары, олардың генезисі, философиялық негізі және дамудың маңызды кезеңдері туралы білімін үйлесімді қолданып, әріптестерімен өзара әрекеттестікте филологиялық ғылымда зерттеулер жоспарлауға және өткізуге қабілетті. 
  • әдебиеттану саласындағы өзекті заманауи ғылыми парадигмаларды, олардың даму динамикасын, әдебиеттанулық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдері жүйесін меңгеріп, әртүрлі мәтіндерді талдау және интерпретациялау дағдыларын, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға қабілетті.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген)
  • Кәсіби қызмет саласы: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; -жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
  • Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.