shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы / Магистратура

7M01738 - Орыс тілі мен әдебиеті

Course Image Филология факультеті Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару қызметін тиімді жүзеге асыратын, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелерінде арнайы пәндерді оқыту үшін қажетті білімі мен іскерлігі бар, кәсіптік білім беру жүйесінің келесі сатысы-докторантурада оқуын жалғастыруға дайын кәсіби мәдениет деңгейі жоғары педагогтарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • жеке ғылыми зерттеу үшін талдау нәтижелерін қолдана отырып, зерттеулерді жоспарлап, жүргізе отырып, ғылыми саладағы зерттеулерді диагностикалау, талдау және жалпылау негізінде кешенді мониторинг жүргізе отырып, рефлексияға қабілетті қалыптасқан зерттеу мәдениетін көрсете отырып, ғылымның өзекті мәселелерін дербес және сыни тұрғыдан талдауды жүзеге асыра алады 
  • қазіргі отандық және әлемдік тіл білімінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары туралы білімдерін көрсете отырып, лингвистика дамуының генезисін, философиялық негізін және маңызды кезеңдерін талдайды 
  • әдебиеттану саласындағы заманауи ғылыми парадигмаларды, оның даму динамикасын, әдебиеттанудағы әдіснамалық принциптер жүйесі мен әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, түрлі мәтіндерді білікті талдау және интерпретациялау дағдыларын меңгерген
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
     
  • Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы орта білім беру ұйымдары.
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
  • Жоғары оқу орындары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.