shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы / Магистратура

7M02313 - Шетел филологиясы: Ағылшын тілі

Course Image Филология факультеті Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы

Теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін кіріктіре алатын, тілдің мәнін және оның даму кезеңдерін түсінетін, филология пәндерінің дамуын болжайтын және тілдің дамуы мен әлемдегі жаһандану ағымына бейімделетін, ерекше коммуникативті дағдылары бар кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • филологиялық  ғылыми зерттеулерді жобалап және жүргізіп, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптау жасайды.
  • ақпаратты өңдеу әдістерін дәлдікпен дұрыс жүзеге асырып, дағдыларын үйлестіріп, шетел әдебиеттану және шетел филологиясы саласында заманауи әдіснаманың әдістемесімен және технологиясымен практикада жұмыс істейді.
  • кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілікті сезініп, кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырып, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым қатынас, кәсіби ынтымақтастықта өзіне жауапкершілік ұстанады.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.

 

  • Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық  ұйымдар.
  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және  нысандағы орта білім беру ұйымдары: гимназия, лицейлер және т.б.
  • техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары.
  • жоғары оқу орындары.
  • ғылыми-зерттеу институттары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары.
  • профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар.
  • мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар. 
  • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.