shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Түрік филологиясы кафедрасы / Магистратура

7M02314 - Шетел филологиясы: Түрік тілі

Course Image Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасы

Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, филология ғылымының жаңа перспективалық бағыттарына арналған ғылыми ақпаратты жинауға, өңдеуге, талдауға, қорытындылауға, дербес жүйелі және креативті әдістерді таңдауға, қолдануға қабілетті, сондай-ақ сыни тұрғыдан ойлай алатын маман даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін педагогикалық қызметінде және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін жобаларда қолданады.  Ғылыми басылымдарда мақала жариялау және ғылыми деректер базаларын қолдану барысындаакадемиялық адалдық талаптары мен қағидаларын ұстана отырып, кәсіби міндеттер мен мәселелерді құзіреттілігі шеңберінде шешуге қабілетті.
  • Филология саласына байланысты өзекті мәселелерді зерттеу, қарастыру барысында теориялық және практикалық білімдерін қолдануға қабілетті. Қазіргі заманғы лингвистика мен халықаралық терминология саласындағы жетістіктерді зерттеушілік қызметінде жүзеге асыра алады. 
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарында және білім беретін қызметтерде кәсіби біліктері мен дағдыларын іске асыруға қабілетті.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Материал қасиеттерін жобалау жұмыстарын басқару.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және  нысандағы орта білім беру ұйымдары. гимназия, лицейлер және т.б.
  • Техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары.
  • Жоғары оқу орындары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары.
  • Профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар.
  • Мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар. 
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.