shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Қазақ филологиясы кафедрасы / Магистратура

7M02315 - Филология

Course Image Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы

Филология саласында іргелі теориялық-әдіснамалық базасы бар, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, халықаралық нарықта сұранысқа ие құзыретті мамандар дайындау. 

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • филология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданып, лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті 
  • Тіл мен әдебиетті зерттеудің жаңа технологияларын игеріп, тілдік жағдайды әлеуметтік-лингвистикалық жағынан талдау дағдыларын қалыптастырып, өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға қабілетті 
  • Филология саласында ашылып жатқан ғылымның жаңа салаларының теориялық негіздерін қалыптастырып, әдеби және фольклорлық шығармалардың поэтикалық ерекшеліктерін талдап, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
     
  • Ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • ғылыми-зерттеу институттары.
  • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
  • бұқаралық ақпарат құралдары: радио, телевидение, баспасөз.