Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіру
Химия пәні оқытушысы: Г.Рысбекова
Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіру
Мазмұны: Химиялық реакцияға қатысушы заттарды құраушы элемент атомдардың реакция нәтижесінде тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін раекцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп атайды. Табиғатта жүретін көптеген реакциялар ТТР болып табылады. ТТР-ның өндірістік- энергнтикалық маңызы үлкен. Тотығу процесі- электроннан айырылу, тотықсыздану- электронды қосып аду. Тотыққан атом – тотықсыздандырғыш, ал тотықсызданған атом- тотықтырғыш болып табылады.
Тотықсыздандырғыш беріп жіберген электрон саны мен тотықтырғыш қосып алған элоктрон саны өзара тең болады, себебі бастапқы заттар және өнім атомдар немесе молекулалар электробейтарап бөлшектер.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының 4 типі бар: молекуларалық ТТР, молекулаішілік ТТР, диспропорциялану (дисмутация) , конпропорциялану (конмутация).