shape
shape

Хабарландырулар

Хабарландыру!

 8D04208 – «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бурашов Шоқан Уәлиханұлының «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тұтынушылардың құқығың қорғау туралы заңнаманы қолданудың құқықтық мәселелері»  тақырыбындағы дайындаған докторлық диссертациясы Заң факультеті,  Конститутциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады. 
      Ғылыми жетекшісі: з.ғ.к, қауымдастырылған профессор, ҰЗА (Ұлттық Заң Академиясы) академигі     Битемиров Қ.Т.
      Шетелдік кеңесші: Түркия Республикасы, Ыстамбұл университеті, доктор, профессор  Фетхи Гедикли.
       Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2025 жылы 25 қараша  күні сағат 10.30-да мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №1-ғимарат, №432-аудитория.