Ғылымға деген жауапкершілік – сапалы диссертацияның кепілі!
Ходжа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде академиялық күнтізбеге сәйкес магистратура мен докторантураға арналған ғылыми семинарлар ұйымдастырылды.
15.12.2025 | 14:30–17:00 | Бас корпус, №415 дәрісхана
«Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының 8D04208 – «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша 1 және 2 курс докторанттары ғылыми семинарға қатысты.
17.12.2025 | 15:00–17:00 | №415 дәрісхана
7М04222 – «Құқықтану» (1 курс), 7М04266 – «Құқықтану (қолданбалы)» (1 курс) білім беру бағдарламалары бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жартыжылдық есептері, сондай-ақ Қылмыстық құқық кафедрасының докторанттарының есептері қаралды.
Білім алушылар ғылыми зерттеулерді енгізу үдерісін таныстырып, ғылыми жетекшілер мен сарапшылардан кәсіби баға, нақты ескертулер мен ұсыныстар алды.
Ғылыми семинарлардың негізгі мақсаты – диссертациялық зерттеулердің сапасын бақылау, ғылыми бағыттың дұрыстығын нақтылау және уақтылы ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ғылыми ізденістеріңіз жемісті болып, қорғау кезеңіне нық қадаммен жетуіңізге тілектеспіз!
Хабарландыру
Сабақ кестесі
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 