shape
shape

Жаңалықтар

Халықаралық академиялық әріптестік – құқықтық білімнің жаңа белесі

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік байланыстарды жүйелі түрде дамыту, ғылыми және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ академиялық тәжірибе алмасудың тиімді тетіктерін қалыптастыру мақсатында Заң факультетінде мазмұнды халықаралық академиялық кездесу өтті.
Аталған іс-шара аясында Ташкент мемлекеттік заң университетінің жоғары ғылыми беделге ие оқытушы-профессорлық құрамы Заң факультетіне арнайы келіп, қылмыстық құқық, криминология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекет пен құқық теориясы бағыттары бойынша өзекті әрі ғылыми тұрғыдан маңызды дәрістер циклін өткізді. Ұсынылған дәрістер қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық ғылымның түйінді мәселелерін қамтып, ұлттық заңнамаларды салыстырмалы талдау арқылы құқықтық ой-сананы тереңдетуге бағытталды.
 Қонақ профессорлар тарапынан оқылған дәрістердің тақырыптары төмендегідей болды:
— Отажонов А.А., д.ю.н. (DSc), профессор, Қылмыстық құқық, криминология және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кафедрасының меңгерушісі
«Қылмыстардың жиынтығын саралаудың өзекті мәселелері»
— Зуфаров Р.А., д.ю.н. (DSc), профессор
«Адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар»
— Абдурасулова К.Р., д.ю.н. (DSc), профессор
«Авторлық немесе өнертабыстық құқықтарды бұзудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы»
— Хайдаров Ш.Д., д.ю.н. (DSc), профессор
«Кәсіби салғырттық пен қызметтік немқұрайлылық: Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы заңнамасының салыстырмалы-құқықтық талдауы»
— Абзалова Х.М., д.ю.н. (DSc), профессор
«Ауырлататын мән-жайларда жасалған қасақана адам өлтіруді саралау мәселелері»
— Розимова К.Ю., д.ю.н. (DSc), доцент
«Адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар»
— Алланова А.А., д.ф.ю.н. (PhD), профессор міндетін атқарушы
«Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың өзекті мәселелері»
— Каракетова Д.Ю., д.ф.ю.н. (PhD), доцент
«Зорлық-зомбылық сипатындағы ұрлық нысандарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы»
— Жуманазарова М.Б., д.ф.ю.н. (PhD), аға оқытушы
«Қылмыс құрамының элементтері ретіндегі объективті жақтың міндетті және факультативтік белгілерінің рөлі»
— Тўрабаева З.Я., аға оқытушы
«Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері»
Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы саласы бойынша Пулатова Нодирахон Собиржановна, д.ю.н., доценттің міндетін атқарушы және Умарова Ирода Мухамедовна, аға оқытушысы қатысып, теориялық-құқықтық бағыттағы ғылыми байланыстарды нығайтуға өз үлестерін қосты.
 Осындай өзара сенім мен академиялық сабақтастыққа негізделген халықаралық іс-шаралар студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысуға, шетелдік білім алушылармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзара дәрістер мен практикалық сабақтар арқылы кәсіби құзыреттерін жетілдіруге кең мүмкіндіктер ашады. Бұл, түптеп келгенде, жаһандық құқықтық кеңістікте ойлай алатын, жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті заң мамандарын даярлаудың берік негізін қалайды.
 Екі университет арасындағы стратегиялық серіктестік алдағы уақытта да құқықтық білім мен ғылымды дамыту жолындағы ортақ құндылықтарға қызмет етіп, халықаралық академиялық ықпалдастықты одан әрі тереңдететініне сенім мол.