shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

2026 жылғы  6 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінде профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың қатысуымен Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын талқылауға арналған құқықтық кездесу өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы.

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғау бағытындағы құқықтық тетіктер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысының негізгі мазмұны мен құқықтық маңызы түсіндірілді.

Іс-шараның модераторы – «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Медетов Алимардин Шахмардинович. Ол өз сөзінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру тек мемлекеттік саясаттың ғана емес, әрбір азаматтың құқықтық санасы мен жауапкершілігіне де байланысты екенін атап өтті.

Кездесу барысында сөз алған Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ибраев Жандос Габитович экологиялық қауіпсіздік мәселелері қазіргі қоғамдағы маңызды құқықтық бағыттардың бірі екенін айтып, жастардың табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісі  Першеев Алишер Сапарбекович экологиялық саясаттың құқықтық негіздері мен заңнамалық механизмдеріне тоқталып, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының елдің тұрақты дамуына қосатын үлесі туралы пікір білдірді.

Іс-шарада «Қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісі Алимбаева Ақтолқын Алмасханқызы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелерін түсіндіріп, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың құқықтық әрі моральдық міндеті екенін атап өтті.

Кездесу барысында білім алушылар мен оқытушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы құқықтық тетіктер жөнінде пікір алмасып, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қоғамдағы маңыздылығы жан-жақты талқыланды.

Мұндай мазмұнды кездесулер студенттердің құқықтық және экологиялық санасын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосады.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Ал құқықтық мәдениеті жоғары қоғам ғана таза әрі қауіпсіз болашақты қалыптастыра алады.

Ұйымдастырушылар:
“Конституциялық және азаматтық құқық” кафедрасы.