shape
shape

Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ

     Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті және «Шаңырақтар» координациялық орталығының Жас сайлаушылар клубы «Қайырымдылық – ізгіліктің бастауы» челленджін Теология факультеті мен «Шаңырақтар» координациялық орталығының Arthouse клубынан қабылдап алды.
     Қасиетті Рамазан айында игі іске ұйытқы болып, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетіліп, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық көмектер табысталды. Бұл бастама тек материалдық қолдау ғана емес, адам жүрегіндегі мейірім мен жанашырлықтың жарқын көрінісі.
     Рамазан - сабыр мен шүкірдің, мейірім мен жомарттықтың айы. Осындай игі істер арқылы қоғамдағы бірлік, бауырмалдық және өзара қолдау құндылықтары нығая түседі.
     Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына ЗҚТ-412 тобының студенттері белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
     Жақсылық - жұқпалы құндылық. Сондықтан қайырымдылық эстафетасын жалғастыру мақсатында челленджді Филология Факультеті мен Туркология клубына жолдаймыз.
     Бірге жақсылық жасап, қоғамға мейірім сыйлайық!
     Ізгі амалдарымыз көп болып, жүректеріміз жылылыққа тола берсін!