АШЫҚ СОТ ПРОЦЕСІ - ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде “Қылмыстық құқық” кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.м., аға оқытушы Алимбаева Ақтолқын Алмасханқызының ұйымдастыруымен «Қылмыстық іс жүргізу ІІ» пәні аясында 3-курс студенттерінің қатысуымен ашық сот процесі өткізілді.
Іс жүргізу барысында студенттер судья, прокурор, қорғаушы, айыпталушы және куә рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, сот талқылауының негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Бұл формат студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.
Ашық сот процесі барысында білім алушылар қылмыстық іс жүргізу нормаларын қолдану, дәлелдемелерді талдау, құқықтық позицияны негіздеу және соттағы сөз мәдениетін дамыту бойынша өз білімдерін нақты тәжірибемен ұштастырды.
Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің теориялық білімін бекітіп қана қоймай, құқықтық ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және кәсіби жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
Осындай тәжірибеге негізделген оқу форматы болашақ заңгерлердің кәсіби қалыптасуына, құқық саласында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына зор үлес қосады.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Емтихан кестесі
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer 