Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Жемкорлықсыз болашақ» тақырыбында ашық-тәрбие семинары өтті

????ЗҚТ-411 тобының ашық-тәрбие семинары
Топ эдвайзері Данишбаева
Меруерт Серікқызының жетекшілігімен ЗҚТ-411 тобында «Жемкорлықсыз болашақ» тақырыбында ашық-тәрбие семинары өтті.

????Семинарды ашқан Меруерт
Серікқызы жастарға жүрекжарды ойларын жеткізіп:
«Жемкорлықи- тек заң бұзушылық емес, ол әділдікке, дамуға және әрбір адамның мүмкіндігіне кедергі келтіретін үлкен әлеуметтік дерт. Біздің мақсатымыз - сіздерді кінәлау емес, керісінше бойларыңызда адалдық, әділдік пен жауапкершілікті нығайту.
Болашақ мамандар ретінде
сіздердің әркайсыңыз қоғамға үлес қосасыздар. Егер әділетті, адал болсақ - еліміздің, болашағы да таза болады. Біздің таңдауымыз
- жемқорлықсыз болашақ!» - деп атап өтті.

????Арнайы қонақ - тәжірибелі
адвокат, Шымкент қаласының,
адвокаттар алқасының, мүшесі Көшербаева Гүлшат Нұрлыбекқызы адал еңбек пен
кәсіби жауапкершілік туралы құнды ойларымен бөлісті.

????Сондай-ақ факультет деканының орынбасары, PhD
Ибраев Жандос Габитович
студенттерге қолдау көрсетіп, жігер берді.

????Студенттер жемқорлыктың
қоғамға зияны мен әділдіктің, болашақ үшін маңызын
талқылады.

????Бұл семинар - жастарды адалдыққа, әділдікке және
жауапкершілікке шақырған
тағылымды шара болды.