«TikTok феномені және уақытты босқа кетіру - қысқа контенттің сананы басқаруы» тақырыбында ашық- тәрбие семинары өткізілді
????Топ эдвайзері Данишбаева Меруерт Серікқызының жетекшілігімен ЗҚТ-412 тобында «TikTok феномені және уақытты босқа кетіру - қысқа контенттің сананы басқаруы» тақырыбында ашық- тәрбие семинары өткізілді.
Заманауи тренд пен заң, ғылымының тоғысы
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Заң факультетінде жастарға ой салып, болашаққа бағдар беретін ерекше семинар өтті.
????Тақырып - «TikTok феномені және уақытты босқа кетіру - қысқа контенттің, сананы басқаруы». Бұл мәселе қазіргі жастардың күнделікті өмірімен тікелей байланысты
болғандыктан, семинар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
????Арнайы қонақ - Шымкент қаласының адвокаттар алқасының мүшесі, тәжірибелі адвокат Көшербаева
Гүлшат Нұрлыбекқызы студенттермен өз өмір жолын, адвокаттық кызметтің, коғамдағы орнын және кәсібіндегі жауапкершілікті терең, толғай отырып, жастарға адал еңбек пен уздіксіз дамудың маңызын айрықша атап өтті.
????Сондай-ақ факультеттің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан
орынбасары, PhD Ибраев Жандос Габитович жастардың ізденісін қолдап, олардың еңбегіне жігер берді. ????Семинарда студенттер өз ойларын ашық білдіріп, слайдтар корғап, плакаттар әзірледі. Қысқа контенттің адам санасына әсері, уақытты тиімді пайдалану (time management), өзін-өзі басқару тақырыптары кенінен талқыланды.
????Бұл кездесу бір ғана семинар емес, Заң факультетінің заман ағымынан қалыспай, уздіксіз дамыпиотырганының айқын дәлелі болды. Жастардың ой-өрісін кеңейту үшін
факультет ұстаздары да заманға бейімделіп, солармен бірге даму устінде екенін көрсетті.
????Мұндай тағылымды шаралар
студенттердің кәсіби бағдарын
айқындап қана қоймай, олардың, болашақ мамандықтарына деген
сүйіспеншілігін арттырады.
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE
Сабақ кестесі 