Заң және тәртіп – тұрақты қоғам негізі
Қатысушылар: ЗҚТ-311 топ эдвайзері және топ білім алушылары
Тәрбие сағат тақырыбы: Заң және тәртіп – тұрақты қоғам негізі
Тәрбие сағат барысында елімізде құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар туралы ақпарат берілді. Одан кейін студенттермен еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Әрбір студент өз ой-пікірін білдіріп, қоғамда заң мен тәртіптің сақталмауы қандай салдарға әкелуі мүмкін екені туралы мысалдар келтірді. Кейбір студенттер өмірден алынған нақты оқиғалармен бөлісіп, заңсыздыққа төзбеу мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.
Хабарландыру
Хабарландыру!
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 