shape
shape

Миссия және көрініс

1. Миссия 

1. Миссия 

 

Заң ғылымының заманауи жетістіктерін, халықаралық тәжірибе мен цифрлық трансформация мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, құқықтық ойлау қабілеті жоғары, кәсіби жауапкершілігі қалыптасқан, әділет пен құқықтық мемлекет қағидаттарын берік ұстанатын заңгер мамандарды даярлау және қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға үлес қосу.

 

2. Мұрат 

 

Ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған, инновацияға ашық, ғылыми-тәжірибелік бағытты күшейткен, қоғамға құқықтық қызмет көрсетуде жетекші рөл атқаратын заманауи заң факультетіне айналу.

 

3. Заң факультетінің негізгі құндылықтары:

 

1.. Әділет және адам құқықтарын құрметтеу.

Факультет құқықтық мемлекеттің қағидаттары мен адам құқықтарын бұлжымас құндылық ретінде мойындай отырып, студенттерді әділдікке, заңға негізделген шешім қабылдауға тәрбиелейді.

2.. Академиялық адалдық және кәсіби этика.

Барлық білім беру және ғылыми қызмет академиялық адалдық қағидаларына, кәсіби этика нормаларына және жауапкершілік мәдениетіне сүйенеді.

3.. Құқықтық мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік.

Факультет қоғамдағы құқықтық сананы, заңға құрметпен қарауды және азаматтық жауапкершілігі жоғары заңгер тұлғасын қалыптастыруды басты міндет деп санайды.

4.. Сыни және аналитикалық ойлау.

Зерттеуге, дәлелге және логикаға негізделген құқықтық талдау мәдениетін дамыту — білім беру үдерісінің стратегиялық басымдығы.

5.. Ашықтық, бейтараптық және объективтілік.

Басқару, оқыту және ғылыми қызмет ашықтық, әділдік және объективті баға беру қағидаларына негізделеді.

6.. Кәсібилік және үздік сапа стандарттары.

Факультет білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруді, еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті заңгер мамандар даярлауды стратегиялық мақсат ретінде қабылдайды.

7.. Инновация және цифрлық құқықтық мәдениет.

Заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу арқылы құқықтық білім берудің жаңа моделін қалыптастыру көзделеді.

8.. Өмір бойы білім алу және өзін-өзі дамыту.

Факультет қауымдастығының әр мүшесі үшін үздіксіз кәсіби даму — негізгі құндылық болып табылады.

9.. Адамгершілік және құрмет мәдениеті.

Тұлға қадір-қасиетін, көпмәдениеттілікті және әлеуметтік әділеттілікті құрметтеу — факультет рухының іргетасы.