shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Экономика, қаржы және есеп кафедрасы / Бакалавриат

6B04143 - Есеп және аудит бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

Инновациялық идеяларды табысты іске асыратын жасампаз, бизнес – көшбасшыларды, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын бәсекеге қабілетті бакалавр-экономистті даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындарда, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде, банктік салаларда бухгалтерлік есепті жүргізеді. 
  • Аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындарда, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде, банктік салаларда аудит қызметін жүргізеді. 
  • Бухгалтерлік есеп және аудит бойынша әртүрлі салалардағы қаржылық есептіліктің құжаттарын рәсімдейді.
     
  • Есеп және аудит білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша  мемлекеттік құрылымдар, қаржы саласы, білім, қаржылық және өндірістік мекемелер фирмалар, заңды тұлғалардың мекемесі, жеке кәсіпкерлік ұйымдар. 
  • Барлық меншік нысанындағы ұйымдар, мемлекеттік, банктік, қаржылық және бизнес құрылымдарының, салықтық органдардың есеп және аудит бөлімдері.