shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Экономика, қаржы және есеп кафедрасы / Бакалавриат

6B04144 - Қаржы бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық-аналитикалық қызметінде табысты жұмыс істеу үшін жаңа білім мен құзыреттерді, қаржылық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделе алатын бәсекеге қабілетті, кәсіби кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Қаржылық-экономикалық тиімділік критерийлері негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық стратегияларды әзірлей отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қаржылық саясатын қалыптастыру.
  • Қаржылық технологияларды қолдана отырып, белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдау.
  • Ұйымдардың қаржылық ақпаратын талдау және бизнестің тиімділігін бағалаудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану арқылы қаржылық көрсеткіштерді есептеу.
  • Қаржы білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін)Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Кәсіпорындарды басқару, қаржылық ресурстарды басқару, тәуекелдерді басқару, бизнесті ұйымдастыру мен жоспарлау, нарықтар, қаржылық және ақпараттық ағындар, банк ісі, бағалы қағаздар, сақтандыру, салық салу, бюджет, қазынашылық.
  • Республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар, зейнетақы және сақтандыру ұйымдар, биржалар, бюджеттік мекемелер және ұйымдар, әртүрлі шаруашылық субъектілері ұйымдық-құқықтық нысандар, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық және лизингтік компаниялар, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, колледждер.