shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Құқықтану кафедрасы / Бакалавриат

6B04281 - Халықаралық құқық бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Құқықтану кафедрасы

«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды даярлаудағы негізгі мақсаты: Халықаралық құқықты,  Қазақстан Республикасы заңдары мен халықаралық шарттарды меңгерген, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, сот жүйесіндезаңгердің кәсіби қызметтерін жүзеге асыра алатын халықаралық құқықтанушы мамандарды сапалы деңгейде дайындау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.

  • Халықаралық құқықтық нормаларға зерттеу жүргізеді; алынған нәтижелерді бағалайды; ғылыми қызмет нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде ұсынады; ғылыми эсселер, баяндамалар, ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстар жазады, ғылыми жобаларға қатысады. 
  • Сендіру, сыни ойлау, коммуникациялық қабілеттер, өз бетінше шешім қабылдау және өз ұстанымын қорғау дағдыларын меңгерген, ұжымда және жеке жұмыс істей алады.

     
  • Құқық бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Халықаралық құқық  білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық құқық  бакалавры мемлекетаралық қатынастарда мемлекеттік жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды мүдделерін қорғауға және құқықтық қамтамасыз етуге кепілдік береді.
  • Kәсіби қызмет объектісі халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, сот жұйесі, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекеттік емес ұйымдар, адвокатура, қаржы жүйесі органдары,  білім беру ұйымдары бола алады.