shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Менеджмент және туризм кафедрасы / Бакалавриат

6B11180 - Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Менеджмент және туризм кафедрасы

Орналастыру орындары мен мейрамханаларда қонақтарға қызмет көрсету дағдыларын, сонымен қатар қонақ үй мен мейрамханалық кәсіпорындардың қызметтік бөлімдерінің әрекетін тиімді ұйымдастыра алатын бакалаврларды дайындау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.

  • Қонақжайлылық индустриясында  ашық ақпарат көздерін пайдаланып, қонақтың қажеттіліктері, нарықтық тенденциялар мен бәсекелестік орта туралы деректерді  жинақтайды және жүйелейді.
  • Халықаралық стандарт, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, нормативтік-құқықтық актілер  талаптарын сақтап құжаттамаларды  рәсімдейді.
  • Мейрамхана ісі  және қонақ үй бизнесі білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындары және  қонақжйлылық саласында қызмет атқаратын басқа шаруашылық субъектілер.
  • Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі кәсіпорындар, республикалық және халықаралық қонақ үй және мейрамхана жүйелері, қонақжайлылық саласы, қызмет көрсету сферасын реттеу, қонақ үй және мейрамхана бизнесін дамыту шеңберіндегі қоғамдық ұйымдар және ассоциациялар.