shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Халықаралық қатынастар кафедрасы / Магистратура

7M03140 - Халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Халықаралық қатынастар кафедрасы

Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті, зерттеу дағдылары бар және дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Сыни ойлау негізінде халықаралық қатынастарда болып жатқан оқиғаларды жіктеп және талдап, ақпараттарды өңдейді 
  • Қазіргі заманғы аймақтық, интеграциялық, жаһандық, геосаяси, әлеуметтік-мәдени, демократиялық, саяси, миграциялық және дипломатиялық үдерістердің даму жолдарын болжайтын сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізеді.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • ЖОО-дарында «Халықаралық қатынастар» мамандығы, ЖОО-дарында Халықаралық қатынастар бөлімдері, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі халықаралық қатынастар бөлімі, министрліктердің халықаралық қатынастар бөлімі, БАҚ.